Америкалық беделді журналда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы өзгерістер туралы мақаласы жарияланды

АҚШ-тың беделді The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» (Turbulence Across Eurasia Will Not Slow Kazakhstan’s Progress) атты мақаласы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақаласында қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу және өзінің басшылығымен қабылданып жатқан шаралар жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы айтады. Бұл шаралар демократиялық өзгерістерді ілгерілетуге, ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Еуразия кеңістігінде бейбітшілікті, ашықтықты және өркендеуді сақтау жолдары туралы пікірін ортаға салады.

Мемлекет басшысы Қазақстанды реформалау және жаңғырту жөніндегі негізгі бастамалары ең алдымен, халық көтерген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанына баса назар аударады. Осы ретте, Президент «олардың бізден не күтетінін анық әрі айқын естідік», деп атап өткен.

«Реформалар негізгі мемлекеттік органдарда — Президент Әкімшілігінде, Парламентте, жергілікті әкімдіктерде, сот және құқық қорғау жүйелерінде жүргізіледі. Мемлекет басшысы азаптауларға мүлдем төзбеушілік қамтамасыз етілетініне ерекше мән береді», — деп келтірді басылым Мемлекет басшысының сөздерін.

Сондай-ақ, мақалада Жаңа Қазақстанда биліктің тармақтары мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің балансын басқаша қалыптастыру жоспарланып отырғаны айтылған. Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде, Қазақстан басқарудың «суперпрезиденттік» моделінен «нормативтік-президенттік» басқару түріне көшеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын монополиядан арылту мәселесі туралы айта келіп, «жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек» дейді.

«Өкінішке қарай, бұрын бұндай жағдайға жиі жол берілгенін еске салды. Осыған байланысты Президент «инклюзивсіз өсім орнықты болмайды» деп атап өтті. Сондай-ақ, мақалада «олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады», — деп жазылған мақалада.

Анықтама: The National Interest журналы 1985 жылы құрылған. Ол саясат пен халықаралық қатынастарға арналған. Тұрақты авторлар арасында белгілі америкалық саясаткерлер мен сарапшылар бар. Сондай-ақ, басылым беттерінде Ресей президенті Владимир Путин мен американдық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяманың мақалалары жарияланған.

КІТАП – ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРАР АСЫЛ МҰРА

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке...

Қызмет алушы құқығы-басты назарда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша нақты шаралар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Сот-фототехникалық сараптаманың қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері

Мақалада сот-фототехникалық сараптамасының құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі,...

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С МОЛОДЕЖЬЮ КАРКАРАЛИНСКОГО РАЙОНА

Руководитель Департамента Жандос Сәрсен и директор филиала Академии государственного...