Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі тағайындалды

Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия сайтына сілтеме жасап.

«Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметі мәліметінше, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....