12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҒАЛЫМДАР ЖАҢАЛЫҒЫН ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУГЕ НЕ КЕДЕРГІ?

Шикізат жеткілікті болса да неге әлі күнге дейін сіріңке мен ине-жіптен бастап жоғары инновациялық тауардың бәрін сырттан тасымалдап жүрміз деген сауал жұртшылық арасында жиі айтылады. Қазақстанда ғылым бар ма, бар болса неге өндіріс дамымай отыр деген сұрақты біз ғалымдардың өзінен сұрап көрген едік.

Руслан ЖАНҒАЗЫ, саясаттанушы, ғылыми-технологиялық саясат жөніндегі сарапшы:

– Сіз қойған сұрақты екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі, ғылыми жаңалық ашу, яғни, өнертапқыштықтың жай-күйі. Жалпы алғанда, ғылыми нәтижелілікті өлшеудің үш бағаны болады: ғылыми мақала, патентпен қорғау және технологияны коммерцияландыру. Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы әзірлеген 2019 жылғы Жаһандық инновациялық индексте Қазақстан 79-орынға тұрақтады, ғылыми әлеуеті төмен саналатын Бахрейн мен Оманның арасындамыз. Осы индекстің ішінде ғылыми мақалалар саны жөнінен 116- орындамыз, ал, ғылыми жаңалықтарды патенттеу жағынан 36- орынға шықтық. Ол нені білдіреді? Қазақ өнертапқыштарының әлемдегі әлеуеті жоғары деңгейде, ал, ғалымдарымыздың ағылшын тіліне шорқақтығы және жетекші ғылыми журналдардың редакцияларымен жұмыс істеу тәжірибесі аздау екендігі білініп қалды. Түптеп келгенде, отандық ғылым осы көрсеткішті жақсарту үшін халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануды үдете түсуі тиіс.

– Екіншісі, өндіріске енгізу, яғни, технологияны коммерцияландырудың жай-күйі. Жоғарыда аталған үш бағанның ішіндегі ең маңыздысы, әрине, соңғысы. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеу жобаларын өндіріске енгізуге бөлек қаржы бөлуін оң бағалаймын. Алайда, әзірше нақты нәтиже аз. Оның себебі қызығушылық жоқ. Шынтуайтында, заңнамалық деңгейде тиімді экономикалық ынталандыру тетіктері әлі дамымаған. Ғылым мен бизнесті ұштастыру үшін бізге түбегейлі институционалдық өзгерістер қажет. Қорытындыласақ, атап өткен үш бағыт жөніндегі жұмысты үш түрлі мемлекеттік орган жүргізеді: ғылыми мақалалардың сапасын жақсартуды – Білім және ғылым министрлігі; патент және өзге де интеллектуалдық меншікті қорғау құжаттарын беруді – Әділет министрлігі; технологияны коммерцияландыру және инновациялық саясатты – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі. Әрине, үш ведомствоның бір салада жұмыс істеуі ғылымдағы жағдайды сипаттауда Ақаң аударған «Аққу, шортан һәм шаян» мысалына теңеуге итермелеп отыр. Тоқетері, ғылым, технология және инновация саласын мемлекеттік басқару жүйесінде бірізділік жетіспейтін секілді.

Қайсар ТАБЫНОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар бойынша проректоры:

– Ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге Қазақстанда қазіргі таңда біраз жағдай жасалды. Ең алдымен, 2015 жылы «Ғылымды коммерцияландыру туралы» заң қабылданды. Өнертапқыштарға белгілі бір қаламақы бөлінеді. Бірақ, өндіріске енгізетін әзірленімдер мықты болу керек. Ғылымға бөлінетін қаржы әлі де аз. Қаржы тапшылығы өндіріске енгізетін зерттеу жүргізуге қиындау болып тұр. Талантты ғалымдар бізде көп. Мен Ұлттық ғылыми кеңестің өмір мен денсаулық ғылымы саласы бойынша мүшесімін. Жастар байқауына келіп түсетін жобалардың көбі орташа және жоғары балл жинайды. Яғни, деңгей өсіп жатыр. Оны айтпаса болмайды.
– Жаңалықтарды өндіріске енгізу үшін ғалымдарға қолдау көрсетіп, жағдай жасау керек. Қазір қаржыландырудың базалық, гранттық және нысаналы бағдарламалық деген үш көзі бар. Ғалымдарға базалық қаржыландырудан айлық түспейді. Тек коммуналдық қызметті төлейді және әкімшілік, техникалық персонал айлығының шағын бөлігін төлейді. Егер базалықты ұлғайтатын болсақ ғалымның кепілдендірілген айлығы болады. Сол кезде ғалымдарды жоғалтпаймыз. Айлықсыз қалса олар басқа жерге барып жұмыс істейді. Қаншама адамдар сөйтіп ғылымнан кетіп қалды. Өз атымнан базалық қаржыландыруға ғалымдардың айлығын кіргізу керек дер едім. Бәрін жасағаннан кейін ғана ғалымдардан бір нәрсе сұрауға болады. Ғылым қоры мен Дүниежүзілік банк өз байқауларында бірлесіп қаржыландыруды сұрайды. Бізде бизнес көп жағдайда инновацияларды енгізуге қызығушылық танытпайды. Бизнес негізінен шикізат сатуға, бір жерден көтерме бағамен алып, екінші жерге сатуға бағытталған. Отандық ғалымдарды өндіріске тартып, жасаған нәтижелерін енгізгендерге салықтық жеңілдік берілсе, біраз өзгеріс болары анық.

Сауалнаманы дайындаған Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

[ratings]

БЕЗ ФОРМАЛИЗМА И ПОД ЖЕСТКИМ КОНТРОЛЕМ

В СВЕТЕ КАТАСТРОФИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ, СВЯЗАННЫХ С ВЕСЕННИМИ ПАВОДКАМИ, ПРЕДСТАВИТЕЛИ ПРАВИТЕЛЬСТВА РК ОТМЕЧАЮТ НЕОБХОДИМОСТЬ ТЩАТЕЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К ПОСЛЕДУЮЩИМ СЕЗОНАМ, В ТОМ ЧИСЛЕ – И К БУДУЩЕМУ ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ.

В РАМКАХ МОДЕРНИЗАЦИИ ШКОЛ

НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ СЪЕЗДЕ УЧИТЕЛЕЙ В ОКТЯБРЕ 2023 ГОДА ПРЕЗИДЕНТ...

КАЧЕСТВЕННО И В СРОК

ОДНИМ ИЗ ПРИОРИТЕТОВ НАШЕЙ РЕСПУБЛИКИ ЯВЛЯЕТСЯ РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ, ОСОБЕННО...

ПРОФИЛАКТИКА И ПРОСВЕЩЕНИЕ

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...