12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алқабилер сотының артықшылығы көп

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық стандарттар негізінде адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған ең ауқымды заңдар біздің елде алғашқылардың бірі болып қабылдануда. Өз азаматтарын қорғау үшін нақты жағдай жасау мақсатында ел Конституция-сына сот төрелігін алқабилердің қатысуымен жүзеге асырудың мүмкіндігі туралы норма енгізілген болатын.

2005 жылы Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия тек фактіні жариялау бойынша ғана үкім шығаратын дербес алқаны құрайтын, бір кәсіби судьясы мен 12 алқабиі бар классикалық алқаби сотын енгізу туралы заң жобасын даярлады. Ұзақ талқылау мен халықаралық тәжірибелерді саралау арқасында 2006 жылы қаңтарда «Алқабилер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.

Алқабилер туралы заң талабы аса ауыр қылмыстарға қатысты қолданылады және де олардың қатысуымен іс тек сотталушының өтініші бойынша қаралады деп заңда нақты көрсетілген. Егер сотталушы бас тартса, қылмыстық іс кәсіпқой судьялардың қарауына алынады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажеттігін және алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейту туралы айтты.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты 2022 жылғы 4 мамырға дейін ашық жария талқылау үшін НҚА интернет-порталында орналастырылды.

Бұған дейін алқабилер соты 2007 – 2015 жылдары тек өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын істер санатын қарап келді. Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланған соң халық билері қарайтын істер санаты азая түскен еді. 2015 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясында алқабилер қарайтын істер тізімі кеңейтіліп, адамды ұрлау (Қылмыстық кодекстің 125-бабы), адам саудасы (128-бап), кәмелетке толмаған адамды қылмыс­тық құқықбұзушылық жасауға тарту (132-бап) және кәмелетке толмаған қыз-­бозбалаларды сату (135-бап) секілді істер санаты да алқабилер қарауына өтті. Ал, 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Кейбір заңнамалық актілерге қыл­мыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданып, алқабилердің қылмыстық процеске қатысуын одан ары кеңейту бағытында шаралар жасалды.

И.Р. Досетов, Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы                              

Защита прав граждан – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Елімізде сот ісін жүргізу роботтандырылған жүйе арқылы іске асуда

Пилоттық жоба ретінде 2024 жылғы 30 шілде айынан бастап...

Иттің құқығын қорғадық: Таланған халықтың денсаулығын кімнен сұраймыз?

Соңғы жылдары елімізде төрт аяқтылардың құқығын қорғауға көңіл бөліне...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі...

Алматы облысының тұрғындары қар суын ерітіп ішіп отыр

ХХІ ғасырда Алматыдай үлкен мегаполистің шетіндегі ауылдар әлі күнге...