12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Асылов қаңтардағы оқиғалар мен тергеулер барысында ұсталғандар мен қаза тапқандар туралы айтты. Сондай-ақ, ол депутаттарға күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы мәлімдеді.

«5 қаңтарда екі Полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Сондай-ақ, бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

«Бұрынғы қорғаныс министрі (Мұрат Бектанов — еск.), өздеріңіз білетіндей, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деп түйіндеді Берік Асылов.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...