Алматылық хирургтар күрделі ота жасап, жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды

Қалқаман ауруханасының дәрігерлері ішек жолдары бітелген жүкті әйелге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен аса күрделі операция жасады, деп хабарлайды №7 Қалалық клиникалық аурухана баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, жүктілігіне 20 апта болған 27 жастағы келіншек аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілген. Пациент ішінің жоғарғы жағы шаншып ауыратынын, жүрегі айнып, құсатынанын және іші жиі кеуіп кететінін айтып шағымданған.

Мультидисциплинарлық команда арнайы тексерулер жүргізді, шұғыл түрде консилиум өткізіліп, тез арада хирургиялық операция жасау туралы шешім қабылданды.

«Жамбастағы жарық пен абдоминалды жабысқақ ауруының асқынуы салдарынан ішек жолдары бітеліп қалған. Нәтижесінде пациенттің жағдайы ауырлап, өміріне қауіп төнген. Ана мен баланың өмірін сақтап қалу мақсатында аса күрделі лапаротомиялық операция жасалып, ішек жолдары ашылды», — дейді ота жасаушы дәрігер, аурухананың №1 хирургия бөлімшесі жетекшісі Нұрлан Мәуленов.

Ота 2,5 сағатқа созылды. Білікті мамандардың арқасында бүгінде ана да, жатырдағы шарана да дін-аман.

«Мен де, отбасым да №7 ауруханаға ризамыз. Балам екеуміздің жанымызды сақтап қалған дәрігерлерге алғысымыз шексіз», дейді пациент.

Көпбейінді аурухана болғандықтан пациент операциядан кейін гематолог, гинеколог, нефролог, терапевт мамандардан кеңес алып, отбасына оралды.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...