Алматылық дәрігерлер кеңірдек стенозына ота жасады

Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың торакальды хирургия орталығы көкірек қуысына операция жасауға машықтанған. Соның бірі – кеңірдекке жасалатын манипуляциялар. Қызмет тегін медициналық көмек және сақтандыру пакеті арқылы көрсетіледі, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Торакальды хирургтар кеңірдек стенозы диагнозы қойылған 56 жастағы пациентке осындай ота жасады. Ол биылғы ақпан айында ковид жұқтырып, пневмонияның ауыр түрімен ауырған.

Хирург Мұхтар Нысанбайдың айтуынша, пациент ұзақ уақыт бойы жансақтау бөлімінде, кейін интенсивті терапия бөлімінде жатқан.

«Өкпені жасанды желдету аппаратымен ұзақ уақыт бойы дем алғандықтан кеңірдегіне трахеостомия жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін араға бір ай салып дем жетпей алқынып, тыныстағанда кеудеде ысқырық пайда болған. Компьютерлік томография мен бронхоскопия нәтижесінде кеңірдектің төменгі бөлігінің тарылғаны анықталып, циркулярлы стеноз деген диагноз қойылды», — дейді дәрігер.

Кеңірдек стенозы немесе кеңірдектің тарылуы ұзақ уақыт жасанды тыныс алу аппаратымен дем алған, трахеостомия жасалған, мойын жарақатын алған, кеңірдегі мен жұтқыншағы күйген, кеңірдек жолында ісік пайда болған пациенттерде кездеседі. Бұл дерт ауаның өкпеге түсуін қиындатады.

Торакальды хирургтер эндоскопиялық электроэксцизия деп аталатын операция жасады. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Тыныс алу жеткиликсиздиги байкалмайды.

«Соңғы кезде мұндай жағдайлар жиі кездесетін болды. Бұл дерттен әсіресе, жасанды тыныс алу аппараты арқылы ұзақ уақыт дем алған және кеңірдегіне тілік жасалған адамдар зардап шегеді. Олар демікпедегі сияқты тұншығып, ауа жетпей қиналады, қақырық түсуі қиындайды», — дейді Мұхтар Нысанбай.

Торакальды хирургия орталығындағы УДЗ, фиброэндоскоп, КТ, МРТ сынды заманауи қондырғылар операцияны асқан дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Шалғай елді мекендердің тұрғындары электронды хат немесе телефон арқылы алдын-ала сырттай консультация ала алады. Сонымен қатар, мұнда көшпелі қабылдау және ота жасау мүмкіндігі де қарастырылған.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...