Алматыда торакальды хирургтар 15 жасар жасөспірімнің кеудесіне өскен үлкен өскінді алып тастады

Оңтүстік астанадағы №1 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері 15 жасар қыздың кеуде қуысына операция жасады. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды аурухана баспасөз қызметі.
Науқастың айтуынша, соңғы бір жылда қақырық шығуы қиындап, жөтел мазалаған. Дәрігерлер тағайындалған антибиотиктер курсы да нәтиже бермеген соң оны қосымша тексеруге жіберген. Флюорография мен кеуде қуысына жасалған компьютерлік томография сол жақта алдыңғы медиастина түзілгенін көрсетіп берді. Торакальды хирургтар алдын-ала кеңесе келе пациентті №1 аурухананың торакальды хирургия орталығына жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады.
Торакальды хирургия орталығының меңгерушісі Нұрлан Жарылқапов, операциялық блок меңгерушісінің міндетін атқарушы Мұқтар Нысанбай, анестезиолог-реаниматолог Арман Алпысбаевтың қатысуымен жүрек пен күретамырларған жақын орналасқан өскін алып тасталды. Екі сағаттық ота сәтті өтті. Операциядан кейінгі кезең ерекшеліктерсіз өтті. Кәсіби түрде жасалған хирургиялық араласудың арқасында жас пациент ауырсынудан да, әлсірететін жөтелден де құтылды.
Аурухана ең заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған, бұл тіпті кеуде органдарында кездесетін өте күрделі жағдайларда да нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Операциялық блок меңгерушісінің м.а. Мұқтар Нысанбайдың айтуынша, торакальды хирургия орталығында кеуде қуысына, өкпенің, трахеяның, медиастинаның, өңештің, сүт безінің қатерсіз ісігіне, сондай-ақ трахея мен бронхқа, кеуде қуысының деформацияларына операциялардың кең спектрін жасауға мүмкіндік бар. Бөлімше хирургиялық көмекті МӘМС арқылы және ақылы түрде көрсетеді. Шалғай аймақтар тұрғындары телефон мен электронды пошта арқылы мамандардан сырттай кеңес ала алады. Сондай-ақ, көшпелі консультациялар мен операцияларды ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетейік, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылған және тегін медициналық көмек ала алады.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...