Алматыда шырша шамдарын жағу рәсімі қашан және қайда өтеді?

Алматы әкімдігі өкілдері қаланың бас шыршасында шамдарды жағу қашанға жоспарланып отырғанын және оның қайда орнатылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік 20 желтоқсанда Абай алаңында қаланың бас шыршасы орнатылатынын хабарлады. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін шамдарды жағу рәсімі мен мерекелік концерт өтеді. Сондай-ақ, қаланың әр ауданында жеке шырша орнатылады.

Қала билігі Алматының дизайн концепциясын әзірлеу кезінде екі жылдық карантин шектеулерінен кейін мерекелік жаңажылдық атмосфераны жаңғыртуды мақсат еткенін қосты. Сондықтан, негізгі мерекелік безендіру элементтерінде жылы түстер басым болады. Қалалық дизайндағы негізгі екпін жеңіл композициялардың бірыңғай стиліне аударылады. Ол қаланың қоғамдық кеңістіктерін біріктіреді, олар да тақырыптық шағын архитектуралық формалармен (ШАФ) безендіріледі.

Қаланың жаяу жүргіншілерге арналған көшелерінде: Панфилов көшесі, Жібек жолы, Абай алаңында ШАФ және фотоаймақтар орнатылады.

Жаңа жылға дайындық жұмыстары Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін басталады.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...