Алматыда нөсерлі жаңбыр күтіледі

Алматыда жексенбі күні күндіз нөсерлі жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуін негізге ала отырып, 13 наурызда нөсерлі жаңбыр күтілетінін хабарлады.

ТЖД қолайсыз ауа райы жағдайында қала тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау мақсатында келесі шараларды қабылдауға шақырды.

— балкондар мен лоджиялардан заттарды алып тастау;

— үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбау;

— үйден шығар кезде, барлық электр құрылғыларды желіден ажыратып, терезелерді жабу, су өткізбейтін киім мен аяқ киімді кию;

— автономды жарық көздерін (фонарьлар, шырақтар, керосин шамдары) дайындау

— автокөлікті тұраққа немесе ағаштардан қауіпсіз қашықтықтағы алаңқайға қою;

— төтенше жағдай туралы SMS-хабарламаларға назар аудару.

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...