Алматыда мереке күндері қанша адам жол апаты мен пиротехникадан зардап шекті?

Полицейлер мен жедел жәрдем қызметі Алматыда жаңа жылдық мереке кезінде жол апаты мен пиротехникадан қанша адам зардап шеккенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифингте төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қалада Жаңа жылдық мереке қалай өткенін баяндады. Алматы қалалық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин жаңа жылдық мереке кезінде күн сайын 3000-ға жуық қоңырау шалынғанын, олардың ішінде 30 пайызы жедел жұқпалы ауруларға, 10 пайызы жазатайым оқиғаларға, 26 жағдайда жол апатына байланысты шақырту түскен. Ал пиротехникадан 13 адам зардап шеккен, оның үшеуі бала, оны ересек адам.

«Мереке күндері жедел медициналық жәрдем бригадалары үш әйелді үйде босандырды. 2 қаңтарда турбуленттілік аймаққа түскен Ташкент — Алматы рейсінде бес адам зардап шеккені туралы хабарлама келіп түсті. Өзбекстанның екі азаматын жедел медициналық жәрдем бригадалары бас және аяқ — қол жарақаттарымен ауруханаға жеткізді, үшеуі тексеруден бас тартты», — деді Андрей Ложкин.

Алматының жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қалада 30 ұрлық тіркелгенін, оның 24-і жедел іздестіру барысында анықталғанын хабарлады. Сондай-ақ бұзақылықтың екі жағдайы және бір тонау тіркелген.

«Ауа-райының нашарлауына байланысты жол апатының көбейгенін байқамаймыз. Осы күндері барлығы 18 жол апаты тіркелді, оның біреуі өліммен аяқталды», — деп атап өтті Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...