Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген үш адам ұсталды

Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.

«Екі күдікті — Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. Айтпақшы, ол бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілгені айтылады.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...