Алматыда қандай штамм коронавирустың өршуіне себеп болды?

Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 30 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы  айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство 16 маусымнан бастап қалада коронавирус жұқтырғандар саны артқанын атап өтті.

«Тәуліктік өсім 0,032 пайызға, 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық көрсеткіші 16,63-ке, репродуктив саны 1,78-ге жетті (республикалық көрсеткіш — 1,76). Бұл көрсеткіш бір науқастан бір-екі адам коронавирус жұқтырғанын көрсетеді», — делінген хабарламада.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы «жасыл» аймақта тұр, деп түсіндірді ведомство өкілдері.

«23 маусымда 74 оң ПТР-сынамасы жеткізілді, оның 58 үлгісі (78,4 пайыз) стелс-мутация ықтималдығын көрсетті, 16 үлгі (22 пайыз) — омикрон мутациясы (толық геномды секвенирлеу бойынша зерттеу жүргізіліп, растау керек). Бұл нәтижелер COVID-19 індетінің қазіргі себебі стелс-омикрон вирусының бір түрі екенін көрсетеді», — деді санитария дәрігерлер.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...