Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында биыл 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару-жарақ партиясы анықталған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.

Сондай-ақ, полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын ұстаған, оны тінту барысында 19 пневматикалық қару мен оларға арналған оқ-дәрі, 10 пышақ, бір арбалет, алты оптикалық көзілдірік және үш оптикалық құрылғы тәркіленген.

«Дерек бойынша соталды тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Олардың сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіледі», — деп түйіндеді Оңал Бекиев.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...