Алматыда 166 мың оқушы бес күндік оқуға ауысады — Оқу-ағарту министрлігі

Алматыда бұрын сенбі күні де оқыған 166 мың оқушы мен 13 мың мұғалім бес күндік оқуға ауысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: Pixabay

Оңтүстік астанадағы 124 мектеп бес күндік оқуға ауысады деп жоспарланған. Сонымен қатар 16 мектептегі оқушылардың тек бірінші ауысымы ғана бес күн білім алады.

Солтүстік Қазақстан облысында 100% бес күндік оқуға өтпек. Аймақта барлығы 74 мың бала білім алатын 470 мектеп бар. Ал 254 мектеп, немесе 23 мың оқушы бір ауысымда ғана оқиды. Бұл оқушылар мен педагогтерге түсетін ауыртпалықты жеңілдету үшін жасалған. 

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері осы сынды мәселелер оқу жылын екі аптаға ұзартқан соң шешілгенін атап өтті. 

«Сенбі мұғалімдер үшін ресми түрде демалыс күн болады, бұл әріптестерге сабаққа дайындалуға, отбасымен уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар үшін де артықшылықтар бар, яғни бос уақыт көбірек болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық», – деді Асхат Аймағамбетов кеңес барысында. 

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...