Алматы облысының сотталғандарымен арт терапия әдістемелік тренинг өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД департаментінің №14 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша бөлімшесінің психолог мамандары сотталғандармен арт терапия әдістемесімен тренинг өткізді.

Тренинг барысында «Менің эмоцияларым және менің өмірім» атты проекциялық әдістемесі қолданыла отырып, психокоррекцияға арналған жұмыстар жүргізілді. Тренингтің басты мақсаты — арт терапия элементтерімен сотталғандардың эмоциялары мен жан дүниесін қағаз бетіне әртүрлі бояулар арқылы сүреттеп білу.

ҚАЖ психологтары сотталғандарға күйзелістен арылу үшін өзін- өзі бағалауды арттыру, вербальды емес экспрессиялық дағдыларды дамыту арқылы жүйелі түрде қолдау көрсетуде.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...