Алматы облысының бұрынғы әкімінің жүргізушісі қызметтік пәтерін мемлекетке қайтарып берді

Жетісу облысында бұрынғы облыс әкімі Амандық Баталовтың жүргізушісі пәтерін қалалық тұрғын үй қорына қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше ай бұрын Талдықорған әкімі Әсет Масабаев бұрын берілген пәтерлерді түгендеу бойынша мониторинг тобын құруды тапсырды. Тексеру барысында 1 066 пәтердің заң бұзушылықтармен берілгені белгілі болды. Оның ішінде әкімдік 37 пәтерді қайтарып берді.

Пәтер иелерінің арасында бұрынғы және қазіргі мемлекеттік қызметкерлер бар екен. Осындай пәтердің бірі Алматы облысының экс-әкімінің жүргізушісінде болған екен.

«Жүргізуші Николай қаланың 8-шағын ауданынан алған қызметтік бір бөлмелі пәтерді тұрғын үй коммуналдық қорына қайтарды. Пәтер қызметтік қажеттілік ретінде тіркелді. Оның кілті қызметкерлерге өз еркімен берілді», – деді Талдықорған әкімдігінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Комиссия шешімімен тұрғын үй қорына қайтарылған 11 пәтер кезекке сәйкес көп балалы отбасылар мен мүгедектерге таратылды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...