Алматы облысында сотталғандарға қатысты жұмыс кездесуі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Талғар аудандық пробация бөлімі есептегі сотталғандардың жаза өтеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

Жиынға Талғар ауданының жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық прокуратура өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында, пробация есебіндегі сотталғандардың жаза өтеу кезіндегі мүдделі органдар арасындағы өзара іс-қимыл қағидалары мен полиция бөлімшелері пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ сотталғандардың жаңа қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, сот жүктеген міндеттерді орындауын тексеру мақсатында, олардың тұрғылықты жеріне баруының бірлескен кестесі жасалды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...