Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті зейнетке шыққан қызметкерлерін құттықтап шығарып салды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті нөмірі 13 мекемесінің ұжымы зейнетке шыққан екі қызметкерді құттықтап шығарып салды. Бұл кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерінің бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу.

Бүгінгі зейнеткерлеріміз әділет подполковнигі Б.А.Амандыков, әділет майоры Д.М.Смагулов біздер үшін осы салада еңбегін сіңірген, еңбек жолында үлкен құрметке ие, өзінің әріптестерінің арасында құрметке ие қадірлі қызметкерлер. Осыған орай мекеме басшысы әділет подполковнигі Е.Д.Жекеновтың атынан құттықтау тілектері айтылып, болашақта қуаныштарыңыз құтты болып, еңбек демалыстарыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толып! Өмір жолдарыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз деген ұжымның атынан ақ тілектер айтылды.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...