Алматыға жылу қашан беріледі?

Алматыға жылу қашан берілетіні белгілі болды. Бұл туралы арнайы брифингте «Алматы жылу желілері» компаниясының бас инженері Данияр Қазымбетов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, Алматыда жылу беру маусымы 15 қазанда басталады. Алдымен балабақшалар мен мектептер, ауруханаларға жылу берілсе, кейін көпқабатты үйлер кезекте екені айтылды.

«Бүгінде Алматыда барлық жылу желілері жаңа жылыту маусымына дайын. Тұрғындар ПИК немесе МИБ-пен құбырларды жылу беруге дайындау, сондай-ақ күн суытқанша барлық үйішілік желілерді тексеру қажет: жылыту жүйесін жуу, жөндеу», — деді Қазымбетов.

Жақын арада жылыту тарифін көтеру қарастырылмағаны атап өтілді.

Еліміздің көп өңірінде жылыту маусымы басталды, ал Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жылуды 10-15 қазан аралығында қосу жоспарланып отыр. Қыркүйектің аяғында нөлден төмен температураға байланысты Астанада жылыту іске қосылды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...