12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ғалия ӘЖЕНОВА, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы:»БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРҒАН ЖОҚ»

– ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бір сөзінде: «Егер Қазақстанда бір адамның құқы бұзылса, барлық қазақстандықтардың құқығы бұзылуы мүмкін деп санауға болады. Егер бізде дәлелдеуді қажет етпейтін осындай ұстаным әрекет ететін болса, онда бізде даму да болады, жарқын болашақ та болады», – деген еді. Дәл осындай жағдайға біз қазір қаншалықты жақындадық?
– Ондаған, жүздеген адамның құқығы бұзылып жатса, журналистер оған қоғам назарын аударады. Егер көптің атынан сұрақ қойып тұрған журналиске жауап бермесе, мыңдаған-миллиондаған адамға жауап бермегені деп бағаланады. Журналист сұрақ қойғанда маған сол қызық дегеннен гөрі, қоғамға осы қызық болады-ау деген оймен айтады. Алайда журналистер әлі күнге дейін қылмыстық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік қудалауға ұшырап жатыр. Нақтылап айтқанда, 2020 жылдың наурыз айының ортасынан маусымның ортасына дейін ғана журналистерге, блогерлерге, жалпы, жазатын қоғамға айып тағудың саны 22-ге жеткен. Яғни бізде
4-5 күнде бір адам айыпталады десе де болады. Осы уақытқа дейін 15 адам әкімшілік, 26 адам азаматтық-құқықтық қудалауға жолыққан. Сәуір айынан бастап барлық соттар онлайн режимге көшті. Төтенше жағдай кезінде оның саны 4,5 мыңға жетіпті. Яғни, 1 күннің ішінде осынша сот отырысы болады екен. Биыл төтенше жағдайға байланысты халықаралық қауымдастықтар тарапынан Қазақстанға қатысты бірнеше үндеу болды. Мәселен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелет төтенше жағдай журналистерге өз қызметін жасау кезінде жұмысын жасатпауға, оларды қудалауға бағытталмауы керек. Жалған ақпарат қиындық туғызады. Уақытылы, шынайы тексерілген ақпарат беру арқылы күмәнді сейілтуге болады деді. Себебі Қазақстанда митинг кезінде журналист пе, жоқ па дегенге қарамай ұстап әкету жағдайлары жиілеп кетті. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер әлсін-әлсін блокталып тұрды. Адамдар өтірік айтпасын, жалған ақпарат таратпасын деген сияқты. Бірақ, блогтап тастау арқылы мәселе шешілмейді.
Human Rights Watch Еуропа және Орта Азия бойынша директоры Хилл Уильямсон да Қазақстан Конституциясында сөз бостандығына кепілдік берілсе, онда оны сақтаңыздар деді. Бұл да тек атқарушы билікке бағытталып айтылды.
– 2020–2022 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарына қатысты көзқарасыңыз қандай?
– Оны Премьер-Министр ұсынды. Онда отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігін арттыру
яғни мүмкіндігін көтеру, адами капиталды дамыту, құқықтық реттеуді жетілдіру жайы қозғалған. Сонымен қатар медиа индустрия академиясын ұйымдастыру жайы әңгіме болыпты. Бұл тағы да біреудің болжамы, арманы ретінде жасалған ұсынысы. Еліміздегі жоғары оқу орындарының біразында журналистика факультеті, біразында кафедра бар. Онда қаншама адамдар жұмыс жасап жатыр? Егер жерден жеті қоян тапқандай сезімде болмау үшін, өзімізде барды қалпына келтірсек, мұндай жағдай болмас еді. Жер-жердегі мықты
мамандарды академияға жинасақ аймақтарды жалаңаштап алмаймыз ба деп қорқамын. Жоспар қаншалықты
жүзеге асатынын мен білмеймін.
– БАҚ туралы заңнаманы жетілдіру қалай жүріп жатыр?
– Журналист заң бойынша кез келген оқиғаның, кез келген мәселелердің ортасында жүруге, сол жерден
репортаж жасауға, материал алуға, беруге, таратуға болады деп БАҚ туралы заңға жазып қойдық та, заңның
астындағы актілермен үнемі билік тарапынан шек қойып отырмыз. Мәселен, жақында жобасы дау-дамайға
ұласқан бейбіт митингтерге байланысты заң қабылданды. Бірақ, құқық қорғаушылардың оған әлі де көңілі
толмай отыр. Көп жылдан бері жала жабуға қатысты жазаны Қылмыстық кодекстен алып тастау ұсынылып жүр еді. Өйткені, ол адамды қылмысты қылып көрсетеді, жолын бөгейді. Ал, бұл Азаматтық кодексте 143-бапта да қаралады. Осы жолы атқарушы және заң шығарушы билік ұғынғандай болды ма десек, бұл бапты Қылмыстық кодекстен алып тастағанымен, әкімшілік кодекске апарып қосып қойыпты. Онда егер жала жапқаның анықталса қарапайым адам 160 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулік қамауда отырады. Лауазымды адам 500 АЕК төлейді немесе 20 тәулікке отырғызылады. Журналист не блогер оны БАҚ арқылы тарататын болса, 180 АЕК төлейді не 20 тәулікке жабылады. Ал, егер жемқорлыққа қатысы бар деп жазса, онда 200 АЕК төлейді немесе 25 тәулікке қамалады. Яғни, БАҚ қызметкерлерінің жағдайы
жақсарған жоқ. Өйткені, жала жабу мәселесі күнде кездесіп жатқан дүние емес. Оның барлығы тек қана айтқызбау үшін жасалып отырған нәрсе. Соңғы 20 жылда «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау
қорының мониторингі бойынша, біздің заңнаманың күннен күнге аясы тарылып, кішірейіп бара жатыр. Кез
келген Қазақстан азаматының сөз айту аясы кішірейіп, бізде заңнама тарылды. Осы өте маңызды.
– Соңғы бір жылдағы сөз бостандығына, ой еркіндігіне байланысты ең негізгі жаңалық, маңызды оқиға деп нені айта аласыз?
– Маңызды оқиға біреу емес, бірнешеу ғой. Журналистердің құқықтарын шектеуге, кедергі қоюға бағытталған
бірнеше факт болды. Сондай-ақ, журналистердің кәсіби қызметіне кедергі жасау көптеп кездесті. Әсіресе, митинг кезінде. Бірақ, біз қателесіппіз, біздікі дұрыс болмады деп кешірім сұраған прокурорды, полицияны мен білмейді екенмін. Журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру, ақпарат бермеу, болып жатқан оқиға орнынан қуып, камерасын сындыру, төбелес шығару тыйылмай тұр. Бұл Қылмыстық кодекстің 158-бабына сәйкес келсе де, оны бұзақылық бойынша ғана соттайды. Егер 158-бап бойынша қудаланатын болса, ұзаққа созылады. Себебі ең оңай жолы сол. Бұл осы арқылы журналистерге кедергі жасауға болмайтынын көрсету деп есептеймін.
– Төтенше жағдай кезінде БАҚ қызметіне қатысты бірқатар жағдайлар орын алып, құзырлы органдарға арыз-шағымдар да жолданды ғой?
– Төтенше жағдайға байланысты көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының таратылуы, сатылуы тоқтады.
Сату нүктелері жабылды. Шығарылған газеттер сатылмайтын болды. Ең­бектің нәтижесін көре алмай, 20-дан
астам бұқаралық ақпарат құралдары мен полиграфия қызметін көрсететін мекемелер «Жұмыс жасауға және
сатуға рұқсат етіңіз» деп. Премьердің атына хат жазды. Сосын гуглдің сервистерінің көпшілігі түрлі жағдайларға байланысты блогталды.
– БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі туралы әңгіме көптен бері айтылып жүргенімен, бұл бағытта нақты өзгерісті көре алмай жүрміз. Бұл неліктен?
– БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі – көптен бері шешілмей келе жатқан күрделі дүние. Билік
тарапынан оны шешуге қадам жасалмайтыны да рас. Жалпы, әлеуметтік мәртебе деген не? Ол орден-медаль беріңдер, құрмет көрсетіңдер деген сөз емес. Әлеуметтік мәртебе, ең алдымен, журналистің бұл қоғамдағы рөлі қандай екенін анықтау үшін керек. Мәселен, мұғалімнің де, дәрігердің де қоғамда өзінің орны бар. Журналиске ол не үшін қажет? Журналист алаңсыз қызметте жүру үшін баспанасы болу керек. Сол кезде ғана ол еркін жұмыс істейді. Үйі жоқ адам екіойлы боп жүреді. Оның қоғамды да, өзін де ойлауы керек. Сондықтан да, журналиске әлеуметтік мәртебе керек. Бұрын журналистер еңбек өтіліне қарай кезекпен үй алатын. 3 жылдан  кейін еңбекақысын өсіруге, сыйақы алуға ұсыныс жасалатын. Мәртебе – мамандықтың қызметі мен ерекшелігі ескеріле отырып берілу керек. Өзге елдерде журналистерге мұндай мәртебе жоқ. Өйткені, онда еңбекақы жоғары, соған сай баспана табу да қиын емес. Журналиске кеңес дәуірінде артық ақша төлеуге мүмкіндік бермегенімен, қоғам үшін жүрген адам ретінде әлеуметтік дәреже беретін. Оны дұрыс жолға қою үшін мәселені қайта қарастыру журналистердің қолында. Ережені өздері жазып, кеңінен талқылап, құзырлы органдармен ақылдаса отырып, мәселені көп созбай шешу қажет.

– Заң үстемдігі қалыптасқан елдердің бәрінде кәсіподақ қоғамдағы ең үлкен күш саналады. Төртінші билік саналатын БАҚ саласының өзінде бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппай жүргені неліктен?
– Бізде кәсіподақ жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кәсіподақ ұйымының журналисті қорғағанын
өз басым әлі көрмедім де, естіген де жоқпын. 20 шақты адам жұмыс істейтін мұндай мекемелердің басшылары кәсіподақ құруға ынталы емес. Кәсіподақ оппозиция емес, тек қызметкерлердің құқығын қорғайтын, қиындыққа кезіккен кезде көмекке келетін ұйым. Соны дұрыс жолға қоя алмадық.
– Журналистердің құқын қорғау ісіне кәсіподақ қана емес, салалық ұйымдар мен қауымдастықтар тарапынан да ешқандай қолдау мен көмекті көре алмай жүргеніміз қалай?
– Журналистерге немесе оларға көмек сұрап келген адамға «құжатыңызды жіберіңізші, көрейін қалай
жәрдем бере алатынымды» десең «ой құрысыншы, жүрем бе сандалып, қаншама уақытты кетіріп, басқаша шешейік» дейді көпшілігі. Менің тәжірибемде бірнеше факт болды. Мәселен, бір журналиске көмектесетін болып, белсене кірістім. Сонда  мына мәселені былай шешсек қалай болады, мынадай олқылықтарың бар
екен дедім. Ол әріптесімен кеңесіп, «қорғаушы олай айтпауы керек, қалай да жеңем деуі керек» депті. Заң
бойынша ешкім алдын ала мен жеңем деп айтпайды. Материалда бар артықшылық пен олқылықты қарап, оны шешудің жолдарын іздейді. Конституциялық принципті сақтау үшін біз кез келген адамды қорғауға дайынбыз. Өздері белсенділік танытып, іздеп, хабарласып, сұрамаса, оларға ешкім бір жақтан келіп көмектесе алмайды. Қазақстанда бірнеше ұйым бар. Нұр-Сұлтанда солтүстік медияальянс бар, жергілікті жерлерде түрлі қоғамдық қорлар бар. Бірақ, бұл қорлардың журналистерге қорғаушы беруге, сараптама жасатуға және тағы басқа көмек беруге әлеуеті жетпейді. Ешкім көмектеспейді де, айдаладан көмек күтіп отырудың, меніңше, қажеті жоқ. Қазір бәрі қолжетімді. Журналистің екінші мамандығы, үйде отырып алған
білімі заңгерлік болуы керек. Қазіргі заманда бірінші өзіміз біліп отырмасақ, оны біреу келіп түсіндіріп беруі
екіталай. Журналистердің олқылық жасайтын жері заңды білмей тұрып, әр нәрсені айта салады ойланбай.
Тексерілмеген материалды таратады.
– Сөз бостандығы мен ой еркіндігін бағалайтын халықаралық ұйымдардың рейтингінде Қазақстанның көрсеткіші неге өспейді?
– Дүниежүзілік индексте Қазақстан 180 елдің ішінде 157-ші орында екен. Өкінішке орай, ситуация әлі өзгерген
жоқ. Билік тарапынан 2 жылда бір рет бұл саладағы жағдай бойынша есеп жарияланады. Онда әрдайым тәуелсіз құқық қорғаушылар рейтингіміз неге төмен деген мәселені ұдайы көтеріп отырады. Шынында да, Қазақстанның дамыған 50 елдің, одан кейінгі 30 елдің қатарына қосылу туралы стратегиясы мен бағдарламаларында сөз бостандығы мен ой еркіндігі бойынша көрсеткішті жақсарту назардан тыс қалып жүргені рас. Бұл жұмыс, ең алдымен, билік органдары тарапынан қолға алынуы керек еді. Алайда оған әлі күнге дейін оң қадам жасалмай жүргені өкінішті.
– Сұхбатыңызға рақмет.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ
«Заң газеті»

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...