12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алимент өндіру

«Адамның бір қызығы бала деген…» деп бастамақпын. Әрине, сәби сүю, әсіресе өз сүйікті адамынан сәбиді дүниеге әкелу – әр әйелдің өмірдегі ең басты арманы. Әр ана өз сәбиі үшін бәріне дайын, керек десеңіз өз жанын қиюға да дайын. Өйткені сәби деген ана жанының, жүрегінің бөлшегі десек те болады.

Алайда, өкінішке орай, қазіргі таңда отбасы құру мақсатында тұрмыс құрған жастардың ажырасуға деген бейімділігін байқауға болады. Заман ағымы болар — шаңырақ көтерген жастардың арасында түсініспеушіліктер көп туындайды. Соның салдарынан, тіпті бірнеше ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасында да ажырасу фактілері орын алады. Ал осы ажырасу процесінде ең бірінші кезекте психологиялық түрғыда зардап шегетіндер ол ортадағы балалар.

Көп жағдайда ерлі-зайыптылар ажырасып, екеуі екі жаққа кеткенде жұбайына, балаға алимент төлеу, өндіру мәселесі қозғалады. Ерлі-зайыпты ажырасқанда кәмелет жасқа толмаған балалар болса, алимент төлеу мәселесі ерікті немесе мәжбүрлеп талап ету арқылы шешіледі.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 147-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар. Яғни, ерлі-зайыптылардың ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызбен жүгінуге құқылы.

Кодекстің 149-бабының талабына сәйкес, ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 95-бабына сәйкес, бiр немесе бiрнеше, оның ішінде басқа сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде, борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс. Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Сонымен қатар, Кодексте көрсетілгендей, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті.

      Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.

     Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

     Ал ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде:

  • бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бір бөлігін; екі балаға — үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Айтып өткендей, алиментті өндіріп алған жағдайда борышкерде жалақының немесе өзге де табыстың жартысы қалуы қажет.

Сотқа арыз түсіру тәртібіне тоқталсақ.

Алимент сотқа жүгінген сәттен бастап тағайындалады. Сотқа бірнеше құжат тапсыру керек. Атап айтқанда:

  • алиментті төлеу туралы талап өтініш, сондай-ақ борышкерге берілетін арыздың көшірмесі;
  • жеке куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы;
  • балалардың медициналық анықтамалары;
  • талаптарды растайтын құжаттар.

Сондай-ақ, сотта нақты жағдайларға байланысты басқа да құжаттар сұралуы мүмкін. Сондықтан бәрін алдын ала біліп алған дұрыс болады.

Ескеретін жағдай — сотта алиментті өндіріп алу туралы талаптар бойынша мемлекеттік баж төленбейді.

Ал сот актісі қалай орындалады?

Сот бұйрығына судья қол қойып, оны сот актілерін орындау департаментіне жолдайды. Ал жұмыс орнының бухгалтері алимент төлеуге міндетті жұмысшының жалақысынан ақша ұстап отырады. Алимент жалақы берілгеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде аударылуы шарт. Осының бәрін сот орындаушысы бақылауда ұстайтын болады.

Егер сот орындаушы тарапынан борышкерге ешқандай әрекет жасалмаған жағдайда онда сот орындаушының үстінен сот орындаушылар палатасына, прокуратураға, әділет органдарына және сотқа шағым келтіруге болады.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Бану Исакова

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының...

Созақта «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы бастау алды

Бүгін Созақ аудандық полиция бөлімі және әкімдікке қарасты тиісті...

Түркістан облысында полиция 128 миллион теңге болатын ұрланған малды иелеріне қайтарды

Түркістан облысының аумағында мал ұрлығының алдын алу және жолын...

Түркістан облысында 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және түрлі құқық...

Тоқаевқа етік тіккен етікшімен сұхбат

Самғау Нәсіпханұлы - Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының тумасы....