Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 20, 21 және 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон жотасы аймағындағы атмосфералық фронттар әсер етеді.

«Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай соғады деп болжанады. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп, тұман түседі деп күтіледі. Еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасы аздап көтеріледі, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде + 12 + 22 градустан +15+25 градусқа дейін, күндіз + 27+35 градустан +30+38 градусқа дейін,
  • республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде + 1+10 градус, күндіз +13+23 градус,
  • елдің оңтүстігінде түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28 градустан +23+30 градусқа дейін жоғарылайды,
  • оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13 градус, күндіз +17+25 градустан +13+23 градустан дейін ауытқиды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...