12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алаяқтардан абай болыңыздар

Ел Президенті бұдан 2022 жылы 21 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керектігі жөнінде  тапсырма беріп: «Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн» деген болатын. Яғни, бұл халықты әлеуметтік желілер алаяқтарынан қорғаудың аса маңызды екенін көрсетеді.  Халықты алаяқтардан сақтандыру шараларын жүйелі түрде жүргізу заңгерлердің міндеті саналады.

Жалпы алғанда, интернет алаяқтарына тосқауыл қою тек біздің елді емес, әлемжұртшылығын алаңдатып отыр. Сондықтан, бұл мәселеде жұртшылықтан талап етілері, өздерінің жеке деректерін құпия ұстау және қандай да бір қаржылық әрекетті асығыс жасаудан сақтану. Өйткені, көп жағдайда  азаматтар алаяқтардың айтқанын екі етпей жасаудың зардабын тартуда. 

Банк, почта, полиция, т.б қызметкердің атын жамылып, жымысқа әрекетін жүзеге асырғысы келгендерге ең басты тосқауылды азаматтың өзі қояды. Бұл үшін олардың құқықтық сауаты жоғары болуы тиіс. Интернет алаяқтары адамды қалайда арбауына түсіруді көздейді. Мәселен, ғаламторға оңай жолмен табыс табуға арналған жарнама береді. Мұндай кезде жеңіл жолмен ақша тапқысы келетіндер тез сеніп қалуы мүмкін. Тағы бір айтып өтерлігі, банк, полиция, т.б. ешқашан да жеке адамның банктерге жинаған қаражаттарына қатысты мәселемен қоңыраушалмайды. Алаяқтар  өздерінің жымысқы ниеттерін интернет қызметтері немесе оған қосылған бағдарламалар арқылы жүзеге асыруда. Сондықтан, күманды хабарламаларға жауап беруден бас тартқан жөн. 

Алаяқтықтың бір түрі қаржы пирамидалары олар азаматтар қаражатын заңсыз иеленуге бағытталған. Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысты қызметке заңмен тыйым салынған. Қаржы пирамидасын құрғандар мен басқарғандарға, сондай-ақ, жарнамалағандарға ҚР Қылмыстық кодекстің 217-бабымен жауапкершілік көзделген. 

Еліміздің Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидалары мен әлеуметтік желілердегі алаяқтар жөніндегі ақпараттарды  @baiqa_piramida   ботында, агенттіктің ресми сайтында жариялаған. Азаматтар осы арқылы тексерулеріне болады. Браузер, операциялық жүйе немесемобильдік құрылғыларға шығатын түрлі терезелер мен хабарламаларға өте абай болған жөн. Интернет сайттарда тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде ерекше қырағы болу керек. Кез келген уәдеге сене беруге болмайды. Сонымен қатар, бопсалаушылардың телефон арқылы қойған талаптарын мүлде орындауға болмайды, интернет-алаяқтарға алданған жағдайда жедел түрде ең жақын полиция бөлімінің қызметіне жүгіну немесе 102 телефонына қоңырау шалу керек.

Бұған қоса компьютер, планшет, қалта телефоны, т.б.  вирусқа қарсы бағдарламалар міндетті түрде орнатылуы тиіс. Себебі, бұлар зиян келтіретін күмәнді файлдарды тез анықтап, бәрін өзі жойып отырады. Интернет алаяқтарының әрекеттерінен хабардар болу алданудың алдын алуға, сонымен бірге тек өзіңіздің емес, жақындарыңызды да қорғауға көмектеседі. Қазіргі таңда азаматтарды ғаламтор алаяқтарынан қорғау мақсатында облыста соттар, құқық қорғау органдары тарапынан түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Кез келген күмәнді ақпараттың артында алаяқтар тұрмасына кепілдік жоқ, осы себепті, әр істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кесу артықтық етпейді. 

Айнұр Қызылбаева,

Ақтау қалалық соты төрағасының 

міндетін атқарушы

Маңғыстау облысы

Двое осуждённых освобождены по амнистии в учреждении №2

В учреждении №2 Департамента УИС по городу Астане начата...

№79 түзеу мекемесінде сотталған әйелдер арасында сайыс өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 түзеу мекемесінде...

Предмет прокурорского контроля 

Высокий уровень доверия между субъектами предпринимательства и правоохранительными органами...

Человек труда достоин уважения

СОСТОЯЛСЯ XXVII СЪЕЗД ФЕДЕРАЦИИ ПРОФСОЮЗОВ РК, В КОТОРОМ ПРИНЯЛИ...