Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие екендігі айқындалған. Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің қолданылуы – ұлттық құқықтық жүйенің басты талаптарының бірі. Әсіресе азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік тілдің қолданысы азаматтардың құқықтарын толық көлемде қамтамасыз етуге және әділ сотқа қол жеткізуге ықпал етеді.

Азаматтық процесте тараптардың арыз-шағымдары, талап-өтініштері мен түсініктемелері мемлекеттік тілде ресімделуі – сот ісін жедел әрі тиімді қараудың маңызды алғышарты. Бұл ретте сот отырысының мемлекеттік тілде өтуі тараптардың теңдігін сақтауға, құқықтық мәдениетті арттыруға және ұлттық заңнаманы дамытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, сотта аударма қызметінің қажеттілігін азайтып, уақыт пен материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру тек құқықтық міндет қана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілік болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі мен өз құқығын қорғауы – ұлттық бірлікті нығайтып, сот билігінің беделін арттырады. Осыған орай сот жүйесінің қызметкерлері мен судьялардың кәсіби біліктілігімен қатар, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі – әділдікті қамтамасыз етудің негізгі шарты болып саналады.

Қорытындылай келе, азаматтық сот өндірісінде мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің нығаюына, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігінің артуына ықпал ететін маңызды бағыт. Бұл міндеттің орындалуы еліміздің демократиялық қағидаттарын нақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақтөбе қалалық соты әкімшісінің  Асланбек Бақтыгереев

бас маманы-сот отырысының хатшысы

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...