Қайтыс болған қызметкердің құрметіне мекемеде еске алу бұрышы ашылды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №71 мекемесінде қаза тапқан Ербол Ержановтың құрметіне еске алу бұрышы ашылды, деп хабарлайды өңірлік ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бүгін Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде әділет прапорщигі Ербол Ержановты еске алу бұрышы салтанатты түрде ашылды.

Жақында ғана, ол осында жұмыс істеген болатын. Алдағы жоспарында, тиесілі зейнетке шығуы керек болатын. Бірақ, 2022 жылдың 7 қаңтарында, қаңтар оқиғалары кезінде тергеу изоляторына жасалған шабуылда ерлікпен қаза тапты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен №71 мекеменің қызметкері, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде, қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза болған әділет прапорщигі Ербол Ержанов, ||| дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Тергеу изоляторының басшылығы мен қызметкерлері еске алу бұрышына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікмен әріптесін еске алды.

Сондай-ақ, ашылу салтанатына марқұмның әкесі, жұбайы және ұлы қатысты.

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...