12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЭС –ӨЗІН АҚТАЙТЫН ЖОБА

Қазақстан энергетикалық тәуелсіздігін арттыру мақсатында атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін белсенді түрде қарастыруда. Бұл шешім ел экономикасына зор серпін беріп, энергия тапшылығын шешуге ықпал етуі мүмкін. Алайда АЭС-тің салынуы қоғамда түрлі пікір тудыруда. Қауіпсіздік шаралары, экологиялық зардаптар және экономикалық тиімділік мәселелері тұрғындар арасында қызу пікірталасқа себеп болуда.

Әлемнің көптеген елдері АЭС-терді дамытып, оны тиімді энергия көзі ретінде қарастырып отырған кезде Қазақстан бұл бағытта үлкен қадамдар жасауға дайын. Осы тақырып төңірегінде біз Қазақстанның белгілі ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУдың Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу АБИШЕВПЕН сұхбаттастық. Ғалым еліміздегі атом энергетикасының мүмкіндіктері мен оған қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.

– АЭС елімізге қауіп төндіре ме?

– Қазақстанда салынуы мүмкін АЭС – қазіргі заманғы үшінші буындағы станция болады. Оның қауіпсіздік деңгейі екінші буындағы станцияларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Әлемдегі басты апаттар, соның ішінде Чернобыль мен Фукусима апаттары, екінші буындағы АЭС-терде орын алған. Үшінші буын АЭС-тері бұл апаттардан кейін жетілдіріліп, қауіпсіздік жүйелері айтарлықтай күшейтілді. Мысалы, Франция екінші буындағы АЭСтерді жаңғыртуға 15 миллиард доллар бөліп отыр. Үшінші буын және 3+ буын станцияларының қауіпсіздігі жоғары болғандықтан, олар қымбатқа түседі, бірақ олардың сенімділігі анағұрлым артық.

– Атом электр станциясы экологияға қалай әсер етеді?

– Экологиялық тұрғыдан алғанда, АЭС-тің қоршаған ортаға теріс әсері минималды. «Атом электр станциялары көмірқышқыл газын бөлмейді, бұл олардың экологияға әсерін азайтады. Жылу электр станцияларымен салыстырғанда, АЭС-тің көмірқышқыл газы мен басқа зиянды қалдықтарды шығармайтындығы үлкен артықшылық. Үшінші буын АЭС-тері қауіпсіздік деңгейін барынша қамтамасыз етіп, радиациялық ластанудың сыртқа шығуына жол бермейді. Сондықтан экологиялық тұрғыдан олар тиімді энергия көзі саналады.

– Ядролық апат болу қаупі бар ма?

– Техникалық құрылғылардың барлығында белгілі бір дәрежеде қауіп болатыны белгілі, бірақ заманауи АЭСтердің қауіпсіздік жүйелері бұл тәуекелдерді азайтады. «АЭС-тің апатқа ұшырау ықтималдығы өте төмен, есептеулер бойынша, мұндай оқиғаның 10 миллион жылда бір рет болуы мүмкін. Ең бастысы, апат болған жағдайда да радиоактивті ластану сыртқы ортаға шықпайды, себебі барлық процестер тұйық капсулаларда өтеді.

– АЭС салу экономикалық тұрғыдан қаншалықты тиімді?

–АЭС тек энергия көзі емес, ол инфрақұрылымның дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ғылыми-техникалық прогреске жол ашады. Қытай, АҚШ, Ресей сияқты ірі мемлекеттерде АЭС салынуда, бұл олардың өзін ақтайтындығының дәлелі. Егер АЭС тиімсіз болса, әлем елдері оған инвестиция салмас еді.

– Қазақстанда атом энергетикасы бойынша қандай білім беру және зерттеу жұмыстары жүргізілуде?

– Қазақстанда атом энергетикасы бойынша жоғары білім мен зерттеу жүргізетін бірнеше ірі оқу орындары мен зерттеу орталықтары бар. Елімізде 7 жоғары оқу орны мен 2 ірі ғылыми-зерттеу орталығы бар. Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында үш ядролық реактор жұмыс істейді. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық физика және ядролық инженерия мамандықтары бойынша білім беріледі. Бұл мамандық студенттері осы орталықтарда тағылымдамадан өтіп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтайды.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.

Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды

Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында.