Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) Shine Muscat нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

  1. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;
  2. карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;
  3. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Еске салайық, желіде трендке айналған Дубай шоколадының орнына Shine Muscat жүзімі келді. Бұл жүзім несімен ерекше және ол денсаулыққа зиян емес пе? Massaget.kz тілшісі зерттеу жасаған болатын.

Елімізде үлкен және ішінде сүйегі жоқ бұл жүзімге сұраныс күрт артты.

Shine Muscat деген қандай жүзім?

Бұл Жапонияда өсірілген жасанды мускат сұрыбы. Оны сондай-ақ «манго жүзімі» деп те атайды. Ол 2003 жылы сынақтан өткен, содан кейін сатылымға шыққан.

Shine Muscat — өте үлкен, ашық жасыл түсті және тұқымы жоқ жүзім. Ол сәл қытырлақ құрылымымен және тәтті дәмімен ерекшеленеді. Әдетте, оны мерекеге немесе сыйлық ретінде сатып алады, өйткені күнделікті тұтыну үшін ол барлық адамға бірдей қолжетімді емес. Кішкентай бір шоқ жүзімнің салмағы шамамен 400-500 г, ал әр жидектің салмағы 10-12 г-ға жетеді.

Бұл жүзімді жасау үшін жапондық селекционерлер «акица-21», «Александрия мускаты» және «хакунан» сұрыптарын будандастырған. Нәтижесінде, Shine Muscat еуропалық және жапондық сұрыптардың гибридіне айналды. Фермерлерге бұрыннан жапон климатында еуропалық жүзімді өсіру қиынға соққан, сондықтан олар осындай будандастыру әдістерін байқап көрген.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.