21 қарашада ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана: ауа райы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман, көктайғақ болады. Күндіз боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз шамамен 0°C.

Алматы: ауа райы ауыспалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауады, күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел батыстан 3-8 м/с. Түнде температура +2…+4°C, күндіз +8…+10°C.

Шымкент: ауа райы өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде температура 0…+2°C, күндіз +10…+12°C.

Ақмола облысы: түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысы мен шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде 9-14 м/с, ал кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде температура -2…-7°C, күндіз -4…+1°C.

Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман. Жел батыстан 9-14 м/с, кейбір аудандарда 15-20 м/с. Түнде температура +2…+7°C, таулы аймақтарда -2…-7°C, күндіз +5…+10°C, таулы жерлерде 0…-5°C.

Түркістан облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, таулы өткелдерде 15-20 м/с. Түнде температура -2…+3°C, күндіз +8…+13°C. Түркістан қаласында ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысына жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, ал күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде температура -4…+1°C, ал батыс аудандарда +4°C, күндіз +2…+7°C шамасында болады. Оралда жауын-шашынсыз, бірақ түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен, ал күндіз батыс аудандарда 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді. Түнде температура 0…+5°C, ал күндіз +8…+13°C. Ақтауда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман байқалады. Жел батыстан шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с болады. Түнде температура -5…0°C, күндіз +3…+8°C шамасында. Қызылорда қаласында күн ашық, бірақ тұман болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады, ал түнде солтүстікте және шығыста қатты қар күтіледі. Желдің жылдамдығы батыстан және солтүстік-батыстан 9-14 м/с, ал кейбір аудандарда 15-20 м/с болады. Түнде температура -3…-8°C, күндіз -5…0°C. Петропавлда бұлтты, қар, боран және көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және күндіз жауын-шашын күтіледі, ал кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр және қар). Түнде -5…-10°C, күндіз -1…+4°C. Өскеменде жаңбыр мен қар жауып, боран болуы мүмкін.

Қазақстанның басқа аймақтарында да ауа райы құбылмалы, қар, жаңбыр, боран, көктайғақ, желдің күшеюі сияқты табиғат құбылыстары күтіледі.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.