Адам құқықтарының халықаралық күні

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде «Адам құқықтарының халықаралық күніне» арналған іс-шара өткізілді. 2025 жылғы желтоқсан айында мекемеде 10 желтоқсан – Адам құқықтарының халықаралық күніне орай ақпараттық-түсіндіру және құқықтық ағарту бағытындағы іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында сотталғандарға адам құқықтары мен бостандықтары, Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ халықаралық құқықтық нормалар түсіндірілді. Тақырыптық әңгімелер мен дәрістер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар проектор құралы арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының сотталғандармен қарым-қатынас жасауға арналған ережелері — «Нельсон Мандела қағидалары» көрсетілді.
Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың құқықтық мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізеді.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...