Абсолют чемпион! Қазақстандықтар шахматтан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық шахматшылар Грекияда өткен World Youth Rapid Championships турнирінде  5 медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Нөгербек бұл жолы Қазақстан қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салған.

Ал блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан алқа тақты.

14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырған.

«Бүгін атаулы күн, қазақстандық шахматтың қазынасы марапаттармен толықты. Кадеттер арасындағы жылдам және өте жылдам шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата-аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткен барша жанды құттықтаймын!» — деді қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...