«Абай жұлдызында» Әсемгүл Оразбаева жеңіске жетті

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің түрлі саласында еңбек етіп, қоғам өміріне белсенді үлес қосып жүрген жандарды марапаттады.

Бұл беделді байқауда коуч-мотиватор, психолог номинациясы бойынша №21 мекеменің психолог-инспекторы Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы жеңімпаз атанды.

Әсемгүл Оралбекқызы — өзінің кәсіби шеберлігімен, адам жанына жол таба білетін білікті маман ретінде көпшілікке үлгі болып жүрген тұлға. Ол психологиялық қолдау көрсету, мотивациялық кездесулер ұйымдастыру және жастармен тиімді жұмыс жүргізу бағытында табысты еңбек етіп келеді.

Жеңімпазды әріптестері мен шәкірттері шын жүректен құттықтап, бұл жетістік оның еңбегінің лайықты бағаланғанын атап өтті.

«Абай жұлдызы» премиясы — өңірдің талантты, еңбекқор және елге үлгі азаматтарын насихаттауға арналған маңызды мәдени жоба болып табылады.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...