Абай рухына тағзым етілді

Атырау облысы бойынша қылмыстық — атқару жүйесі департаменті және департаментке қарасты мекемелердің жеке құрамымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Қай халықтың да бетке ұстар, мақтан тұтар дара тұлғалары болады. Қазақтың кемеңгері — Абай Құнанбаев, ұлттың ұлы дәрежесінен асқан, әлемдік деңгейде өз орны бар біртуар тұлға. Ұлы ойшылдың қара сөздері мен өткір өлеңдері – даналықтың үлгісі, ұлттық пәлсапаның асыл маржаны.
Ақын туған халқының мінін түзеп, мәдениетті де, өркениетті елге айналғанын қалады. Қалын елі қазағына ой салу үшін қолға қаламын алды.
Ал, бұл ескерткіш – мәңгілік елдің ескерткіші, сондықтан рухымыз да осылай көтеріле берсін». Сондықтан, бұл ескерткіштің кейінгі ұрпақ үшін тәлім-тәрбиесі мол деп ойлаймын»,-деді.
Сонымен қатар, жиналған жұрт Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Шара барысында қызметкерлер Абай рухына тағзым етіп, оның қазақ халқының мәдениеті мен руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін еске алды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...