Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері ұлттық киімдерінен «Этно- fashion» көрінісін ұйымдастырды

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекем қызметкерлері Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасына сәйкес, 18-наурыз «Ұлттық киім күні» мекеме қызметкерлері өздері қолдарымен тіккен ұлттық киімдерден «Этно- fashion» көрінісін ұйымдастырды. Олар өз қолдарымен арнайы сатып алынған матадан көйлектер мен камзолдар тіккен. Камзолдарды арнайы сатылатын күміс түсті ою-өрнекпен әшекейледі. Ешқайсысы тігінші курстарын бітірген шебер болмаса да, өз еңбектерінің нәтижесіне риза болды.
Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз әлі жетерлік-дейді мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлім бастығы Дидар Жумаханова.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...