Абай облысындағы әйелдер колониясында өзге ұлт өкілдерінен тұратын сотталған әйелдер «Тоғызқұмалақ» және «Асық» ұлттық ойындарын үйренді

Абай облысындағы әйелдер колониясында бүгінде 350-ге жуық сотталған жазасын өтеп жатыр. Негізінен қазақ және орыс ұлттарының өкілдері болғанымен, олардың арасында қырғыз, өзбек және бір филиппиндік әйел де бар.

Сотталғандарды түзелу жолына бағыттау мақсатында ұлттық ойындар арқылы тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Қазақ ұлтынан шыққан сотталғандар өзге ұлт өкілдеріне қазақтың дәстүрлі ойындары – «Тоғызқұмалақ» пен «Асықты» үйретті. Бұл ойындар тек ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, өмірге деген жаңа көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.

Қатысушылар ойын стратегияларын талқылап, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара барысында бәсекелестік рухы мен өзара құрметтің ерекше атмосферасы орнады. Бұл – тек көңіл көтеру емес, сондай-ақ сотталғандардың өмірге деген көзқарастарын қайта қарап, өз күшіне сенімін арттыруына және оң тәжірибе алуына мүмкіндік беретін шара болды.

– Мұндай іс-шаралар дәстүрлі ойындардың түзету мен тұлғалық дамудың құралы бола алатынын, сотталғандардың жаңа мағына мен түзелу жолын табуына себеп болатынын көрсетті, – деді сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Ахмарал Қайранова.

Мастер-кластан кейін әйелдер өздерінің үйренгендерін көрсетіп, қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырды. Қатысушылар сабақтың босқа өтпегенін айтып, көпшілігі жақсы нәтиже көрсеткенін жеткізді.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...