Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы

Қазақ халқының рухани әлемінде ерекше орын алатын ұлы тұлғалардың бірі – Абай Құнанбайұлы. Биыл ұлы ақынның туғанына 181 жыл толып отыр. Абай – қазақ әдебиетінің ғана емес, ұлттық ой-сана мен адамгершілік философиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер ойшыл.

Абай шығармаларының басты өзегі – білім, еңбек, әділет, ар-ұят және адамгершілік. Ол өз өлеңдері мен қара сөздерінде халықты надандықтан арылуға, ғылым үйренуге, еңбек етуге және өзін-өзі жетілдіруге шақырды. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі тағылымды ойлары мен «Қара сөздеріндегі» терең пайымдары бүгінгі қоғам үшін де маңызын жоғалтқан жоқ.

Ұлы ойшылдың мұрасы ана тілімен де тығыз байланысты. Абай қазақ тілінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, әдеби тілдің дамуына зор үлес қосты. Оның шығармалары қазақ сөзінің қуатын, ойдың тереңдігін және тілдің байлығын танытады. Сондықтан Абайды тану – тек әдеби мұраны зерделеу емес, ана тіліміздің қадір-қасиетін терең түсіну.

Абай көтерген әділеттілік, жауапкершілік және парасаттылық қағидалары мемлекеттік қызмет саласында да ерекше мәнге ие. Қоғамға адал қызмет ету, әрбір іске жауапкершілікпен қарау, заңдылық пен әділдікті сақтау – ұлы ойшыл өсиеттерімен үндесетін құндылықтар. Оның адам бойындағы ар мен ұятты жоғары қоюы әрбір азаматты өз ісіне сын көзбен қарап, кәсіби міндетін адал атқаруға үндейді.

Абай Құнанбайұлының 181 жылдығы – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын қайта зерделеп, оның рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуге арналған маңызды кезең. Абайды құрметтеу – оның өлеңдерін жатқа білумен ғана шектелмейді. Ең бастысы, оның даналығын түсініп, білімге ұмтылу, әділеттілікті бағалау және адамдық қасиеттерді өмірлік ұстанымға айналдыру.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын тереңдей түсетін рухани қазына. Оның даналыққа толы ойлары ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге және қоғамның рухани дамуына қызмет ете береді.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маман –

сот отырысының хатшысы                                         Г.Қуанғалиева

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Қазақ халқының рухани тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

Айдар Құрмашев: Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясы берік экономикалық негізге ие болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттігіне 7 жыл толған кезеңде Қазақстанның халықаралық...

В области Жетісу системно ведется работа в сфере донорства и трансплантации органов

В области Жетісу продолжается работа по развитию донорства и...

Жетісу облысында ағзаларды донорлау және трансплантациялау бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде

Жетісу облысында ағзаларды донорлау және трансплантациялау саласын дамыту, трансплантацияға...

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен...