12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы

Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде.

Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыз, хакім Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына. Оның жүрек шерімен жазған өлеңдерінің тағылымы тереңде жатыр. Абай жалғыз қазақ халқының емес, адамзаттың ұлы десек артық айтқандық емес. Дара тұлғаны қай жағынан дәріптесек те біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады деп есептеймін.

Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.

А.Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектердің руы – Тобықтыдан басталады.

Абайдың сөз өнеріне ерте баулуына әжесі Зере әсер еткен​​. Әжесі халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп, немересіне білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті сіңіре білген, Абайдың алғашқы тәрбиешісі және ұстазы десе де болады.

Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан.

Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.

Абай 170 астам өлең  жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Бұл шығармаларында этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, адамгершілігі және заңы мәселелері көтерілген. Абай қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасымен Ақтөбе өңірінің соттарында Ұлы Абайдың 180 жылдың мерейтойына орай ұйымдастырылған оның шығармаларын оқу челленджі ағымдағы жылдың сәуір айынан басталып, қараша айына дейін жалғасатын болады.  

2025 жылы еліміз қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын кең көлемде атап өтетіне сенімім мол. Бұл ретте көбінесе ұлы тұлғаларымызды таныту барысында мерейтойлық сипат алып жататынына өкінішімізді де білдіреміз. Абай мұрасын насихаттау белгілі кезеңдер кезінде ғана емес, жүйелі түрде жүргізіліп жатса құба-құп. Әйтсе де арнайы “Абай күніне” орай және мерейтойлық жылдары хәкім мұрасына кеңінен пейіл білдіріп жатса, оны да қуанышпен қабыл аламыз.

Міржақып Дулатов «Зередей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қадірлі халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар», – деп айтқанындай жылдан-жылға хәкімге деген құрметіміз де артып, абайтанудың да көкжиегі кеңейе бермек. Шындығында да уақыт көші қанша алыстағанымен де, ұлы ақын мұрасына, рухына соншалықты жақындай береріміз анық. Ұлы ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеу, насихаттау бағытындағы жұмыстарға мемлекеттік деңгейде жан-жақты қолдау қажеттігі айқын, — дейді абайтанушы Жандос Әубәкір.

Абайдың туған күні қарсаңында осы мәселелерді қарау керек.  Абайтануды жандандыруымыз керек. Түрлі конкурстар ұйымдастырып, олар туралы жазып, халыққа таратып, Абайдың “толық адам” ілімін халыққа түсіндіру керек. Сол кезде адам өзінің өмірде жеткен деңгейін түсініп, алға ұмтылар еді. Сондай-ақ, әрбір қалада Абайдың ескерткіші тұру керек. Сонда әр қазақ Абайды есіне түсіріп, ілімін ұғынып алар еді.

Біз Абайды дұрыс түсініп, оның мұрасын дұрыс қолданатын  болсақ, өмірдегі көптеген қиыншылықтарды оңай шеше алар едік. Елімізде көптеген мәселе бар. Соны  шешу жолында Абай мұрасы үлкен тірек бола алады. Абай хәкім болғандықтан оның мұрасында бүкіл өмір туралы білімнің бәрі бар.  Дегенмен, оны толық түсінбей жүрген секілдіміз. 

Қазақ қоғамы түпкілікті қазақша сөйлемей, ұлт тілінде ойланбай, Абайды түсіне алмайды. Сол себепті алдымен құрдымға кетіп бара жатқан қазақтың тілін аман сақтап қалу керек. Сонда ғана қазаққа Абай келедідеп есептеймін.

Екінші мәселе, Абайды мектепте оқыту дұрыс жолға қойылмаған. Көбіне шаласауат мұғалімнің кесірінен оқушы мектепті бітіргенде Абайды біліп емес, Абайдан жеріп шығады.

Бірақ, жасалып жатқан жұмыста аз емес. Әлем де уақыт кезеңі өткен сайын Абайды тану үстінде. Әсіресе, ақынның 175 жылдық мерейтойы кезінде ауқымды жұмыстар жасалды. Мемлекет басшысының «Абай және XХ ғасырдағы Қазақстан», «Абай – рухани реформатор» атты бағдарламалық мақалалары жарық көріп, көптеген ізгі бастамалар негізі қаланды.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Сингапурдағы, Болгариядағы, Мысырдағы, Пәкістандағы, Мажарстандағы, Ирандағы, Эфиопиядағы, Италиядағы және т.б. елшіліктер жанынан Абай орталығы ашылды. Бұл үрдіс өз жалғасын табуда.

Жақын және алыс шетелдерде ұлы Абайға арналған ескерткіш, мүсіндер қойылып, «Абай орталықтары» ашылып, ақын есімі көше атауларына берілді.

175 жылдық мерейтойдың қарсаңында, яғни 2019 жылдың 2 желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасымен «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу  институты құрылды.

Осы инстуттың директоры белгілі абайтанушы, академик, Жандос Әубәкір Абайдың 180 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілуі керек деп есептейді.

Ал шетелдерге келсек, мысалы Америкалықтар Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды, Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды, Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды, тағы да ұлы ақынның мерейтойы Мәскеуде аталып өтті, Стамбұлда үлкен көше аты берілді, Түркияда Абайдың құрметіне саябақ ашылды.

М.Әуезов Абайды «Қазақ поэзиясының асқар биігі» деп атаған. Абай поэзиясы қазақтың көркем әдебиетін, әдеби тілін дамытып, қалыптастырды. 

Қазақ елінің сауатты, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалады. Өзінің қара сөздері арқылы тілді, өнерді үйренуге, еңбек етуге үндеді, қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат болуға шақырды, мысал келтіре отырып, тұжырым жасады.

Меніңше, жалпы Конфуций институты сияқты Абай институты жеке болуы керек. Министрлік, не университет тарапынан емес, тікелей орталықтан қаржыландырылатын. Сол институттың қажетіне қарай әр өңірде филиалы жұмыс істеу керек. Сонда ғана абайтану саласы ғылыми түрде сапалы дамиды деп есептеймін.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 

 бас маманы – сот отырысының хатшысы 

Исмагулов Еркин Тимурұлы 

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...