Ақтөбедегі қоныс колониясындағы сотталғандар теологтармен кездесіп, діни білімдерін арттырды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесіндегі жазасын өтеуші дінге сенуші сотталғандарға Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, республика деңгейіндегі теолог Н.Станбакиевтің және Ихсан орталығы қоғамдық бірлестігінің теологы Б.Доғанбаевтың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында теологтар мекемедегі сотталғандарға «Өзге жат дін өкілдеріне еріп кетпеу және оның алдын алу, сондай- ақ дәстүрлі дініміздің құндылықтары жөнінде толық мәлімет берді. Сонымен қатар, теолог мамандар сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына хадистерден және құран аяттарынан дәлелдер келтіре отырып, тиісті деңгейде жауап берді.

«Кездесуде сотталғандарға олардың тарапынан қандайда бір діни сұрақтары туындаған жағдайда немесе шешімін таппаған мәселелерді нақты білу мақсатында мекеме әкімшілігінің көмегімен онлайн кездестіру ұйымдастыру мүмкіндігі бар екендігі де түсіндірілді»,- дейді №9 мекемесінің Сотталғандар арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Арман Панабек.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...