Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің ықпалымен 2022 жылы 32 сотталған тұрақты жұмысқа орналасты

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметімен есепте тұрған сотталғандарды қоғамға бейімдеу бойынша жыл бойына бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Істі болып, Пробация қызметіне есепке алынған азаматтар жұмысқа орналасар кезде қиындыққа тап болатыны қоғамда орын алып жатырған көрініс. Яғни, көп жағдайда жұмыс берушілер істі болғандарды жұмысқа қабылдаудан бас тартып жатады. Дәл осы кезде Пробация қызметі сотталғандарға көмекке келіп, оларды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатыстырып, тұрақты жұмысқа орналасуларына ықпал жасайды. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде 937 сотталған тұрған болса, оның ішінде 134-і әйелдер, 10-ы кәмелетке толмағандар, бұрын сотталған 195 адамның жалпы санынан құраған.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі өз кәсібін ашуды армандайтын сотталғандарға жергілікті әкімдік және жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, биылғы жыл басынан бастап, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметімен тұрақты жұмыс орнына жіберілген есепте тұрған сотталғандар арасында 32 азамат жұмысқа орналасып, 3 азамат қысқа мерзімді курстардан өтті және 1 азамат әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты. Одан бөлек, Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты, Ақтөбе қаласы Астана ауданының пробация қызметі және «Атамекен» ҚР ҰКП Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған үшжақты меморандумдар аясында шағын және орта бизнес ұсынатын жұмыс орындарына қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Есепте тұрған сотталғандарды қоғамға бейімдеу және олардың тарапынан болуы мүмкін қайта қылмыстың алдын алу жұмыстары келер жылы да жалғасын табатын болады»,- дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Азат Тулегенов.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...