А.Исаев, Кентау қалық Пробация қызметінің бастығы: «Жаңа жылда, қылмыс азаяды деген сенімдемін»

Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация бөлімінің бастығы Атабек Исаев қалалық пробация қызметінің жекек құрамына атқарылған істер жайында баяндама жасады.

Жеке құрамның кезекті отырысында сөз алған әділет майоры Атабек Исаевтың сөзіне қарағанда 2022 жылдың 12 айында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында жалпы 195 жеке бағдарламалар түзілген екен. Үстіміздегі жылдың басынан бері, Пробация қызметінің арқасында есепте тұрған жұмыссыз 97 сотталған жұмысқа орналасып үлгерді. Тағы бір айта кететін жайт сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік-құықтық көмек көрсетілген сотталғандардың саны да күн санап артып келеді. Жеті сотталғанға медициналық көмек алуына мүмкіндік жасалды. Қырық бір адам психологиялық көмек алды. Ал, екі адамның құжаттары қалпына келтірілді. Өзге де әлеуметтік көмек алғандар саны сексен сегізді құрайды.

Әлеуметтік төлемді 6 сотталған алды. Заң тұрғысынан 19 сотталған көмек алды. Сонымен қатар, алты сотталғанның отбасына қайрымдылық шарасы барысында азық-түлік таратылды. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмсының бірі.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңа ауданда пробациялық бақылауға алынғандармен жүелі түрде жұмыстар жүргізілетін болады. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандардың қайта қылмысқа жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілетін болады. Жаңа жылда, жаңа ауданда сотталғандар мен қылмыстың саны азаяды деген сенімдемін, — дейді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.
Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...