Ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді

Бүгін ҚАЖ департаменті #64 мекемесіне Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, белгілі дінтанушы ғалым Күзенбаев Нұрлыбек Шәкизадаұлы мен Әл-Азхар университетінің түлегі Серікбол Хаман имам келіп тергеудегі сотталған азаматармен топтық кездесу және жеке кездесу жасады. Топтық кездесу барысында «Тәубеге келу», «Сауапты іс жасау» тақырыптарын айтса, белгілі жеке кездесу сәтінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имам ұстаздарды тыңдау, Абу Ханифа мәзһабын ұстану, ата бабамыздан келе жатқан дәстүрлі дін мен мәдениетті сақтау жөнінде әңгіме айтып, сотталғандардың көкелеріндегі сұрақтарға Құран мен хадиспен тұшымды жауаптар берді. Осындай келелі кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырыла бермек .

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...