Ақмола облысындағы сотталған түлектер жалпы орта білім туралы аттестаттарын алды

№7 мекемесінде жалпы білім беретін мектептің сотталған түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі өтті.

№7 мекемесінде жалпы білім беретін мектептің сотталған түлектеріне аттестаттар табысталды.
2024–2025 оқу жылының аяқталуы мен мектеп бітірушілерге аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру – әрдайым асыға күтілетін әрі әсерлі шара. Бұл маңызды күнге дейін ауқымды жұмыс атқарылды: мұғалімдер бітіруші емтихандарды сәтті өткізіп, бүгін мерекелік жағдайда өз тәрбиеленушілерін құттықтады.

Мекеме әкімшілігі атынан және жеке өз атынан түлектерді орта білім туралы маңызды құжат алуымен құттықтаған тәрбиелік бөлімнің бастығы Жанайдар Қайсенов бұл құжаттың жаңа өмірлік жолдың бастауы, жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Мектеп мұғалімдері де ерекше алғысқа ие болды — өз істеріне деген адалдығы мен жанкешті еңбектері үшін мекеме басшысының бұйрығымен педагогикалық ұжым алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мереке түлектердің қарсы құттықтауымен аяқталды. Олар ұстаздарына шыдамдылықтары, қолдаулары және әрқайсысына сенім білдіргендері үшін алғыстарын білдірді. «Бұл күн әрқайсымыз үшін ерекше маңызды болды, ол мектеп жолының аяқталғанын ғана емес, сонымен қатар жарқын болашаққа деген үмітті де білдіреді», — деді мектеп оқушыларының бірі.

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...