12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке сот орындаушысы қызметақыны еңбегіне қарай алады

Жеке сот орындаушылары институтының елімізде жұмыс істегеніне
12 жылға жуықтады. Мұндағы мақсат сот орындаушыларының
жұмысын оңтайландыру, сол арқылы сот актілерінің орындалуын
сапасын жақсарту болды. Қазіргі күні аталған институт өзін-өзі ақтауда
деуге толық негіз бар.

Жалпы алғанда жеке сот орындаушылары мемлекет белгілеген
міндеттерді жүзеге асырып, сот актілерінің орындалуына бар күш-жігерлерін
жұмсайды. Бұл ретте олардың қызметі өз тиімділігін дәлелдеуде. Жеке сот
орындаушылары өз қызметтерін өздері қаржыландырады.
Бұдан әрі нақтылар болсақ, Атқарушылық іс жүргізу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы заңның 118-бабында жеке сот
орындаушысының еңбегіне ақы төлеу нормалары айқындалған. Жеке сот
орындаушысына қызметақы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің
санатына, өндіріп алу сомасына байланысты белгіленеді. Мысалы, мүліктік
сипаттағы атқарушылық құжаттарда өндіріп алатын сома 60 айлық есептік
көрсеткішке дейін болса, соның 25 пайызы, 20 мың АЕК-тан көп болса 3
пайызы мөлшерінде қызметақы алынады. Егер өндіріп алу қаржысы 300 
АЕК пен 1000 АЕК арасын құраса, қызметақы осы соманың 15 пайызы
мөлшерінде болады.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі
туралы заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот
орындаушысының қызмет ақысы борышкердің қаражаты есебінен
жүргізіледі. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттарда қызметақы
мөлшері айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Мәселен, баламен қарым-
қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттарда оның қызмет ақысы
өндіріп алушы мен борышкерге бірдей жүктеледі. Бұл тұрғыда жеке
тұлғаларға әр айда жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
белгіленген.
Ал, талап қоюды қамтамасыз етуде қызметтік ақы өтінішхат берген
тараптан өндіріледі. Бұл ретте жеке тұлғадан он, заңды тұлғадан жиырма
АЕК алынады. Талап қоюды қамтамасыз етудің күші жойылған жағдайда
қызметақыны қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты
мәлімдеген және талап қоюдан бас тартқан тұлға төлейді.
Мерзімді төлемдерді өндіру туралы атқарушылық құжаттар үшін атап
айтқанда, алимент, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, т.б. өндіріп алу
сомасынан 1 АЕК тоқсан сайын төленеді. Осы тұста айтып өтерлігі, жеке сот
орындаушысы еңбекақыға атқарған жұмысына қарай, яғни, атқарушылық
құжатты толық немесе ішінара орындаған жағдайда ғана қол жеткізе алады.
Мысалы, мүліктік сипаттағы атқарушылық құжатты ішінара орындаса оған
жұмысы үшін өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды
бір бөлігі тиесілі болады.
Егер атқарушылық құжаттың борышкері оны мәжбүрлеп орындатуға
бергенге дейін орындаса, онда қызметақысы өндіріп алынбайды. Жеке сот
орындаушысы өз жұмысының төлемін заңмен белгіленген тәртіпте және
Үкімет белгілеген мөлшерде ғана алады. Қызмет көрсету ақысын төлеу
мөлшерін уәкілетті органның ұсынуымен ҚР Үкіметі бекітеді.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі
туралы заңының 9-бабы 1-тармағының 9-10 тармақшаларында көзделген
жағдайларда, нақты айтсақ, сот орындаушысының атқарушылық іс-
әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу, сондай-ақ, жеке сот
орындаушысының өз қызметінің сомасын бекіту туралы қаулыларға
байланысты атқарушылық құжаттардың негiзiнде қозғалған iс жүргiзулерде
қызметақы алынбайды.
Бұл нормалар жеке сот орындаушыларының өз жұмыстарын жоғары
деңгейде атқаруына әсер етеді. Әрбір сот актісі орындалуымен құнды десек,
жеке сот орындаушылары елімізде заң үстемдігін орнатуға айрықша үлес
қосуда.
Сәуле Дабылова,
жеке сот орындаушы
Ақтөбе облысы

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...