12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бала құқығына баса мән беру керек

Елімізде соңғы жылдары бала құқығының жиі бұзылуына куә болып жүрміз. Мектептегі буллинг, одан қалды балалар арасындағы әлімжеттік, кейбір ата аналардың бар ренішінің ақысын баласынан алып, ұрып-соғуы, кейбір жаман ортаға түскен балаларды ұрлыққа жұмсау, қаңғыбастыққа итермелеу сынды теріс әрекеттер алаңдатпай қоймайды. Дегенмен әрқашан баланы осындай заңбұзушылықтардан қорғайтын заң бар екенін ұмытпауымыз керек. Бала санасына да оның әрқашан қорғауда екенін түсіндіріп отыру қажет.

Өмірде әрбір адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Әрқашан олардың құқығы қорғалуда екенін өздеріне сездірту басты міндет болып отыр. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен қоғам да санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда міндетті түрде бала қалауы ескеріледі.

Статистикаға сүйенсек, елімізде 14 жасқа дейінгі балалардың 53 пайызы отбасында психологиялық агрессияның куәсі болып, ата-анасынан таяқ жеген көрінеді. Бұл өте қауіпті үрдіс. Баланы жәбірлеуге жол бермеуіміз қажет. 2020 жылы 50-ден аса мемлекет балаларға дене жарақатын салуға заң аясында тыйым салды, тағы 50 ел осындай заң қабылдауды міндетті жоспарға енгізді. Демек біздің еліміз де баланы жәбірлемеуді заң аясында міндеттеп қойса құба құп. Дген бұл бағытта еліміз мүлдем қол қуысырып та отырған жоқ.

Қазақстанда халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді ескере отырып, 2020 жылдың ­наурыз айында ҚР Үкіметі «Балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін шешу» жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Қазір осы құжат аясында балалардың құқығын қорғау бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Елдегі білім және денсаулық саласына қатысты жаңа бағдарламалар да буллинг, зорлық құрбаны болған балаларға қолдау көрсету және оңалту мәселелерін көтеріп жүр. Демек еліміздегі балалар құқығын қорғау ісі дамып келеді.

Кусаинова Балым Каныбековна, Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы

Жеке  тұлғалардың банкроттығы

Жеке  тұлғалардың банкроттығы бұл кредиторлар алдындағы банк заем шарттары немесе...

Зейнеткерлерге құрмет көрсетілді

Өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі – зейнетке шығу кезеңі....

Абай — ұлттың темірқазығы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойы қарсаңында Абай -...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-ақару жүйесі департаментінің №60 мекемесі бастығының...

Борьба с коррупцией – долг каждого

Борьба с коррупцией всегда остается актуальной задачей. Потому что...