Наурыз мерекесінде сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті

Қылмыстық атқару жүйесі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 60 мемлекеттік мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында наурыз мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді. Жазасын өтеуші азаматтар арқан тарту, қол күресі, турникке тартылу мен брусия бойынша жарысқа түсті.

Бүгін «Жыл басы — Наурыз» мерекесіне орай жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында спорттық жарыс өтуде. Сотталған азаматтарды қоғамнан шеттетпей, керісінше түрлі жарыстар, іс-шаралар өткізіп, қоғамға қайта бейімдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Жеңімпаздар арқан тартысып, гір тасын көтеріп күш сынасуда. Салауатты өмір салын да ұстанып келе жатқан қатысушылар өз деңгейінде бақ сынауда. Алда осындай шаралардың көптеп өткізілуін басты назарға аламыз – деді, тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Мағжан Әбдімажитов.

Жеңімпаздар арасында топ жарып, ерекше өнер көрсете білген қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...