Сотталғандар арасында қол күрестен сайыс өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында «Әз-Наурыз» мерекесіне орай қол күрестен спорттық сайыс өткізілді. Аталған сайысты облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Аталған іс-шараға сотталғандар арасынан іріктеліп 10 сотталған қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І,ІІ және ІІІ орын иегерлеріне 5000, 4000 және 3000 бірлікті «тарлан карт» карталары және барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы ретінде 2000 бірлікті «тарлан карт» карталары сыйға берілді. Сайыс соңында: «Мен бұл мекемеге басқа мекемеден жақында ауысып келдім. Бұл мекеменің өзге мекемелерден ерекшелігі — мұнда теологиялық, идеологиялық және психологиялық дәрістермен қатар осындай керемет іс-шаралар үнемі жүргізіліп тұрады екен. Мен келгелі қысқа уақыт ішінде бірнеше дәрістерге қатысып, мекеме қызметкерлерінің алға қойған мақсаттарының дұрыстығына көз жеткіздім. Қателеспейтін пенде болмайды, алайда бізді қателесті екен деп сыртқа теппей, керісінше бізге қамқорлық танытып жатқан мекеме ұжымына және бүгінгі шараға демеушілік жасаған дін істері басқармасы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорына алғысымды білдіремін», — деді жүлделі І орынды жеңіп алған М. есімді жазасын өтеуші азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...