Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 қоныс колониясының жазасын өтеуші сотталғандары Наурыз мейрамын тойлады.
Мерекелік іс- шараны ашқан №9 мекеме бастығы Абылайхан Құсайынов және ҚАЖ Департаментінің САӘПТЖ бас маманы Руслан Төлегенов, жазасын өтеуші сотталғандарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз күнімен құттықтап, отбасыларына тезірек оралуларына тілек білдірді.
Бұл күні №9 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандардың ұйымдастыруымен, «Көктем шуағы» атты концерттік бағдарлама қойылып, мерекеге қатысушы басқа да жазасын өтеушілерге наурыз көжеден ұсынылды.
Іс-шара жазасын өтеушілер арасында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және шағын футболмен жалғасын тауып, ойында белсенділік танытқан сотталғандар грамоталармен марапатталды.
«Іс- шараның мақсаты – мекемедегі сотталғандар арасында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, жанұяларынан жырақта жүрген жазасын өтеушілерге мерекелік көңіл- күй сыйлау болып табылады»,- дейді мекеменің АКАӘПТЖ бөлім бастығы әділет капитаны Арман Панабек.