№28 түзету мекемесінде мұғалімдердің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі атап өтілді

Наурыз мерекесі жалпы түркі халықтарының мерекесі, ұрпақтар жалғасы, рухани қазына болып табылады. Аталмыш мереке ел бірлігіне, тыныштығына ықпал етеді.

16 наурыз күні №28 түзету мекемесінде мұғалімдердің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі атап өтілді.

Мерекені №28 түзету мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің бастығы әділет капитаны Даулетов Мейрамбек пен ОКП меңгерушісі Қайырболат Қуанұлы құттықтау сөз сөйлеп ашты.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарлама барысында, оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ерекше көңіл күй сыйлады.

“Асық — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі”. Оқушылар арасында асық ату ойыны мен күш сынасу ұйымдастырылды. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әндер айтылып, қазақы ойындар да назардан тыс қалмады. Оқушылар асық ату, білек сынасудан бақ сынасты.

Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілінетін Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...