Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде кешкі мектепте білім беретін ұстаздар жазасын өтеп жатқан азаматтарды наурыз мерекесімен құттықтады

Қазіргі таңда кешкі мектепте 32 сотталған білім алуда. Бұл азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері білім береді. Оқуға қабылданған азаматтардың ішінде өзге ұлт өкілінен төрт сотталған бар. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес білім беретін ұстаздар оқушыларын келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, сотталғандардың өз деңгейінде білім алуларына жағдай жасағаны үшін мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлын алғыс хатпен марапаттады.

Кешкі мектептің ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ашылғанына он жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз сотталған азаматтармен тығыз байланысып, еркіндікте жүрген оқушылармен тең дәрежеде қараймыз. Наурыз мерекесі – қазақ елі үшін жаңа жыл басы. Бостандығынан айырылған азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, осындай керемет мерекеде сый тартуды жөн көрдік, — деді сотталғандарға білім беруші мұғалім Гүлмира Күнтуарова

Көктемді асыға күттіретін наурыз мерекесі қарсаңында ұстаздарымыздың ұйымдастырған бұл шарасы бізді қуантты. Наурыз мерекесі, наурыз көже дәмі, ұлттық ойындар осы мерекенің жарқын көрінісі екені сөзсіз. Бас бостандығынан айырылып, темір ордың ар жағында отсақ та, назардан тыс қалдырмай, біз үшін арнайы уақыт бөлген ұстаздарыма ағысымды білдіремін, — деді Т. есімді сотталған азамат. Шара соңында ұстаздар оқушыларымен естелік суретке түсіп, ізгі тілектерін білдірді.

Қызылорда облыы бойынша ҚАЖД

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...

В учреждении минимальной безопасности ДУИС по области Абай для осуждённых организовали праздничные мероприятия

В учреждении минимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...