2023 жылдың наурыз айының 15 мен 17-і аралығында “Правопорядок” атты жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, Алмалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімімен Алмалы аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.
Мұндағы басты мақсат — есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты, қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін олардың тұрғылықты жерлері бойынша тексеру болып табылады.
Алматы қаласы Алмалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы
әділет капитаны
Беспаев С.Т.


